Архив событий

15/04/2024

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық істердің 67 % медиация тәртібімен қысқартылды

15/04/2024

2024 жылдың 3 айында Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша (ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі) және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қайта жасалған құқыққа қарсы әрекеттер (ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігі) 624  әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Оның ішінде 419 әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібінде келісімге келуіне байланысты қысқартылды.

Бесқарағай аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

15/04/2024

Абай облысы Бесқарағай аудандық сотында «Даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары, адвокаттар, нотариустар, сонымен қатар Бесқарағай ауданының кәсіби және қәсіпқой емес медиаторлары қатысты.

Дөнгелек үстел отырысы барысында оның қатысушылары сотқа дейінгі және соттан тыс татуласу рәсімдері интституттарының ерекшеліктерін,  атап айтқанда медиация, партисипативтік және татуластыру рәсімдерін зерделеді.

«Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығын қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар

15/04/2024

Әлихан Бөкейхан атындағы университетте заң факультетінің Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасында «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығын қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар өтті. Семинарды кафедраның докторанты А.К. Жумадилов жүргізді.

Жарма аудандық соты қызметкерлері сенбілік өткізді

15/04/2024

«Тазалық- саулық негізі» дегендей тазалықты сақтау,оған айрықша мән беру, жауапкершілікпен қарау –әрбір адамның міндеті.Осы орайда  2024 жылдың 13 сәуір куні  Жарма аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері сот ғимаратының ауласында сенбілік жасап, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Тазалық –баршаға ортақ іс. Сот қызметкерлері бір кісідей жұмылып ғимарат ауласын қыстан қалған қоқыстан  тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, бұта-ағаштарды кесіп,әктеу жұмыстарын жасады.

 

Жарма аудандық сотының   баспасөз қызметі.