Архив событий

05/04/2024

Микроқаржы ұйымдарымен дөңгелек үстел өтті

05/04/2024

Абай облысы Абай аудандық сотында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында микроқаржы ұйымдарынан түсетін арыз, шағымдарды, талап арыздарды сотқа мемлекеттік тілде жолдау, және де іс жүргізу тілін мемлекеттік тілде белгілеуді насихаттау мақсатында алдағы уақытта микроқаржы ұйымдарымен кезектесіп дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланды.

«Мемлекеттік тілді дамыту» атты тақырыпта семинар өтті

05/04/2024

Абай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарылық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинар жұмысына Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  судьясы  А.Т. Бесеева  сот әкімшісінің басшысының м.а. А. Ахметжанова, кеңсе  мамандарының, сот мәжіліс хатшылары және сот приставы қатысты. 

 Судья  А.Т. Бесеева мемлекеттік тілді дамыту мәселесіне тоқталып, сот саласының мамандарының мемлекеттік тілдегі дағдыларын жақсартуға және дамытыруға арналған түрлі шаралар өткізу қажеттігін атап өтті.