Архив событий

01/04/2024

Абай облыстық соты мен Абай облысының Кәсіподақ орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

01/04/2024

Абай облыстық соты төрағасының м.а. Б. Жаманбаев пен "Абай облысының Кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы З. Исабаева меморандумға қол қойды. Оның мақсаты еңбек дауларын сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын тарату және қолдану мәселелері бойынша ынтымақтастық болып табылады.

Мұндай келісімдерге қол қою еңбек дауларын сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу туындаған кезде құқықтық ақпараттандыруды арттыруға және өзекті міндеттерді табысты шешуге ықпал етеді.

Тараптар келесі осы бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс жасайды:

«Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру және мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын жалғастыру»

01/04/2024

Семей қаласының №2 сотында "Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру және мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын жалғастыру" тақырыбында семинар өткізілді.

Іс – шараның негізгі мақсаты: -мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, тіл мәдениетін одан әрі арттыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс жүргізу  мәселесіне  үлкен жауапкершілікпен қарауды  оны дамыту  жолдарын назардан тыс қалдырмауды  және тілді қолдану талаптарын заң талаптарына сай орындалуын қатаң талап ету.