Архив событий

02/04/2024

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисі атты тақырыпта семинар

02/04/2024

Бесқарағай аудандық сотында, сот мамандары қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі атты тақырыпта семинар өткізілді.

Бесқарағай аудандық сотының сот әкімшісінің басшысы М.Алимханова өз баяндамасында  сот ісін жүргізуді оңтайландыру мақсатында, қолжетімділікті арттыру, сот төрелігінің ашықтығы мен айқындығы, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын сот арқылы қорғауына ыңғайлы болу үшін, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті «Сот кабинеті» сервисін жүзеге асырғанын көрсетті.

 

Семей қалалық сотының судьялардың студенттер қауымы өкілдерімен кездесуі

02/04/2024

Құқықтық сала мен оқу орындарының белсенді диалогы аясында судьялардың студенттер қауымы өкілдерімен кездесуі өтті. Талқылау тақырыбы сот практикасындағы татуластыру рәсімдері болды.

Отырыста Семей қалалық сотының бітімгер судьялары А.С.Жармұхаметова, Қ.Қ.Қоңқаев, Б.К.Тулеубаева татуластыру рәсімдері шеңберінде жанжалдарды шешу әдістері туралы өз тәжірибесімен және білімдерімен бөлісті. Студенттер өз кезегінде аталған тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді, бұл құқықтық даулардағы тараптардың мүдделерін татуластыру процестерін тереңірек түсінуге ықпал етті.