Архив событий

12/04/2024

«Мемлекеттік тіл» атты тақырыпта  дөңгелек үстел

12/04/2024

Курчатов қалалық сотының төрағасы М.Д.Молдабаев «Мемлекеттік тіл» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Курчатов қаласы прокуроры, Курчатов қаласының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және жол полиция қызметкерлері,  Курчатов қаласының пробация қызметінің аға инспекторы қатысты.

Көкпекті аудандық сотымен дөңгелек үстел өткізілді

12/04/2024

Көкпекті аудандық сотының төрағасы Н.Б.Жаныбекова, Көкпекті ауданы прокурорының м.а. К.К.Чукуевтың, Көкпекті аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Д.Б.Жумадиловтың,  Көкпекті аудандық полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция капитаны О.С.Файзуллиннің және   Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық Пробация қызметінің аға инспекторы Д.М.Айдаровтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

«СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

12/04/2024

Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Карлыгаш Ахтановна Касымова «Алимент өндіру және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы сот актілерін орындаудың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Пробация қызметінің өкілдерімен өткен дөңгелек үстел

12/04/2024

Бесқарағай аудандық соты пробация қызметімен бірлесіп «Бесқарағай ауданының пробация қызметінің ұсыныстарын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Бесқарағай аудандық сотының судьясы Ж.М.Ғалымова, прокуратура және пробация қызметінің өкілдері қатысты.

ЛУДОМАНИЯ, ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ СУИЦИД, БАЛАЛАРДЫҢ БУЛЛИНГІ"

12/04/2024

Семей қаласы колледждерінің психологтарымен бірлесіп "Лудомания, жасөспірімдер суициді, балалар буллингі" тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл тақырып бүгінгі күні өзекті болып табылады.

Аталған дөңгелек үстелге Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Татьяна Самаева қатысты.

Ол көрнекі сүйемелдеуді қолдана отырып, ойынға тәуелділікке (лудоманияға) қатысты баяндама дайындады.

Әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

12/04/2024

Абай облыстық сотында ішкі істер органдары қызметкерлерінің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау кезінде заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н. Есенжоловтың басшылығымен өткен іс-шараға әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы Е.Шыныбаев, облыстық сотының судьясы Қ. Тобелбасова және ҚР полиция департаментінің патрульдік қызметінің өкілдері қатысты.