Отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік құқық бұзушылық істердің 67 % медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2024 жылдың 3 айында Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша (ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі) және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қайта жасалған құқыққа қарсы әрекеттер (ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігі) 624  әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Оның ішінде 419 әкімшілік іс тараптардың медиация тәртібінде келісімге келуіне байланысты қысқартылды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1бабы) бойынша  65 іс қарады.

Оның ішінде 22 іс тараптардың медиация тәртібінде келісімге келуіне байланысты қысқартылды.  

Істі қарау барысында  жанжал медиация тәртібімен реттеліп, тараптар медиативтік келісімге келді.

Медиация заңын халық арасында насихаттауға бағытталған жұмыстар бүгінгі таңда өз нәтижесін беруде, тараптар медиациялық келісімге келіп, сотта татуласуда. 

 

 

Семей қаласының әкімшілік

Құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының

баспасөз қызметі