Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Б.М. Жаманбаев 1979 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Сот жүйесінде 2007 жылдан бастап жұмыс атқарады. Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьясы, Атырау облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы, 2018 жылдан бастап Павлодар қалалық сотының төрағасы.

Қазақстан Республикасының Президентінің №39 Жарлығымен 2022жылдың 5-ші желтоқсанында  Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының  төрағасы тағайындалған.