Архив событий

08/04/2024

Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңын түсіндіру аясында дөңгелек үстел

08/04/2024

Үржар аудандық сотының судьясы К.М.Байгабылов  Үржар аудандық сотының ғимаратында № 178-VII ҚР Заңының Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңын түсіндіру аясында дөңгелек үстел өткізді.

Әдепсіз қол белгісін көрсеткені үшін айыппұл салынды

08/04/2024

Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБК-нің 434-бабы 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер»  бойынша  азаматша  Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  ісі қаралды.

Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында сенбілік өтті

08/04/2024

Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар  жөніндегі мамандандырылған сотының судьялары мен қызметкерлері сот ғимаратына жақын аумақтарды тазарту және абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыс күнін өткізді.

Қызметкерлердің ерен еңбегінің арқасында соттың аумағы қоқыстан тазартылды, бұталар мен ағаштар кесілді.

Сонымен қатар, сот ғимаратында да үй-жайларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Әдейі банкроттық белгілерін және борышкердің төлем қабілетсіздігіне әкеп соққан басқа да іс-әрекеттерді анықтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел

08/04/2024

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Қ. Сыздықов басшының орынбасары Қ. Ш. Мұхаметқалиевтің төрағалығымен Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.

Ішкі істер органдарына тіркелмеген қаруды сақтау

08/04/2024

Үржар ауданының №2 аудандық сотында азамат А.-ке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен, яғни Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот азамат А. ішкі істер органдарында тіркелмеген, 2 ұңғылы, аңшы мылтығы, сондай-ақ атуға жарамды патронды сақтағанын анықтады.

Құқық бұзушы болған оқиғаны жоққа шығармай, кінәсін толығымен мойындап, істеген әрекетіне өкініш білдірді. 

Семей қалалық сотында сенбілік өтті

08/04/2024

Осы демалыс күндері Семей қалалық сотының қызметкерлері жоғары азаматтық жауапкершілік пен қала қоғамының өміріне белсенді қатысуын көрсетті. Сот ғимаратының айналасын тазалау және абаттандыруға арналған сенбілікке судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Бірігіп қоқыстарды шығарып, жасыл желектерді ретке келтіріп, айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді.  Бұл бірлескен жұмыс қаламызды таза және тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды етті.

Үржар ауданының №2 аудандық сотта тазалық жұмыстары атқарылды

08/04/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Абай облысы бойынша Департамент басшысы А.А.Жұмамұратовтың 02.04.2024 жылғы №1000-24-5-20/779 тапсырмасына сәйкес 2024 жылдың 6 сәуір күні Үржар ауданының №2 аудандық сотының ғимараты ауласын тазалау жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырылған сенбілікке барлық қызметкерлер белсенді қатысты.

        

Үржар ауданының №2 аудандық соты

баспасөз қызметі

 

Ұжым сенбілік өткізді

08/04/2024

Сот ұжымы сот ғимаранының маңындағы аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Қажетті құралдармен жабдықталған сот қызметкерлері ортақ ынтамен маңыдағы қоқыстарды тазалады. Сонымен қатар жол жиектері мен ағаштарды ақтады, бау бақшаларды, гүлзарлар және ағаш маңдарын тазалады.

 

Бородулиха аудандық сотының баспасөз қызметі