Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің міндеті-судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және алдын алу.
Ішкі қауіпсіздік бөлімі (ІҚБ) - Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің ІҚБ меңгерушісіне бағынатын, Абай облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің бөлек құрылымдық бөлімшесі, Бөлім облыстық соттың төрағасымен және облыстың сот әкімшілігі департаментінің басшысымен өзара іс-қимыл жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен тығыз өзара іс-қимылда жүргізіледі.

Абай облысының соттарында сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама беруге болады:

  • сенім телефоны бойынша: 8 7222 361200,
  • ішкі нөмірлері бойынша 722-0700, 722-0701

Облыстың сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлағысы келетін азаматтарды жеке қабылдауды ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін осы мекенжай бойынша жүргізеді: Абай облысы,Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі, 1