Архив событий

10/04/2024

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тақырыбында өткен семинар

10/04/2024

Абай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарылық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинар жұмысына облыстық соттың судьясы Абай облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарылық сотының  төрағасы Н.З. Хасенбаев, судья А.Т. Бесеева бас мамандар және сот приставы қатысты.                                                                                             

Жарма ауданының тергеу судьясы дөңгелек үстел өткізді

10/04/2024

Жарма аудандық сотының тергеу судьясы А.Садуакасова, сот әкімшісі М.Кусманова,  прокурор А.Русланова  Жарма аудандық полиция бөлімінің ғимаратында әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасының сапасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Жарма аудандық полиция бөлімінің  тергеу бөлімше бастығының уақытша міндетін атқарушы Е.Н Тельжанов, жергілікті полиция қызметкерлерінің инспекторлары Хамитов Д, Қонақбаев Е, Советханов А және тағы басқа инспекторлар қатысты.

«Бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру, жазаны өтеуді кейінге қалдыру, сондай-ақ шартты түрде жазаның күшін жою» атты тақырыпта  дөңгелек үстел

10/04/2024

Курчатов қалалық сотының төрағасы М.Д.Молдабаев «Бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру, жазаны өтеуді кейінге қалдыру, сондай-ақ шартты түрде жазаның күшін жою» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Курчатов қаласының полиция қызметкерлері мен Курчатов қаласының пробация қызметінің аға инспекторы және Курчатов қаласы прокурор көмекшісі қатысты.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ұлттық заңнамасындағы криминализацияның қазіргі тенденциялары: әділ тепе-теңдікті іздеу»

10/04/2024

Әлихан Бөкейхан атындағы университетте «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялаудың заманауи тенденциялары: әділ тепе-теңдікті іздеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Семей қаласы №2 сотының судьялары С.А.Ермеков және Э.Б.Сейлханов, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, прокуратура, адвокаттар алқасы, ішкі істер органдарының инспектор-психологы, сондай-ақ «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларын рәсімдеу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді

10/04/2024

Үржар аудандық сотының төрайымы Ш.О.Оспанова Үржар аудандық полиция бөлімі ғимаратында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларын рәсімдеу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Үржар  аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы М.Курмангалиев, Үржар аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері бойынша учаскелік полиция инспекторлары, Үржар аудандық полиця бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция уәкілдері мен Жол патрульдік полиция қызметкерлері  қатысты.