Абай облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
Қайрат Мұратұлы Чақпантаев - Абай облыстық сотының төрағасы
 
Қайрат Мұратұлы Чақпантаев 1965 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы.
 
Өскемен педагогикалық институтын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
 
1997-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген.
 
2003 жылдан бастап Өскемен қаласының №2 сотының судьясы, Көкпекті ауданының №2 сотының, Өскемен қаласының №2 сотының, Өскемен қалалық сотының төрағасы қызметтерін атқарды.
 
2015 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
 
ҚР Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен Абай облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.