«Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығын қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әлихан Бөкейхан атындағы университетте заң факультетінің Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасында «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет бостандығы құқығын қорғаудың конституциялық-құқықтық механизмі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар өтті. Семинарды кафедраның докторанты А.К. Жумадилов жүргізді.

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Қ.С. Сыздықов, судья А.Т. Молдагожина, «Атамекен» АЭС-ның өкілі А.О. Оразай, Абай облысының адвокаттар алқасының адвокаты А.Қ. Жарылғасин, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменты С.Б. Базанов, «Гелиос» ЖШС-нің заңгері Е.С. Заушов семинарға қатысты.

МАЭС судьялары кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнама нормаларын түсіндіріп, сонымен қатар осы саладағы азаматтық істерді қарау тәжірибесін ортаға салды.

         

 

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.