Бесқарағай аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Абай облысы Бесқарағай аудандық сотында «Даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялары, адвокаттар, нотариустар, сонымен қатар Бесқарағай ауданының кәсіби және қәсіпқой емес медиаторлары қатысты.

Дөнгелек үстел отырысы барысында оның қатысушылары сотқа дейінгі және соттан тыс татуласу рәсімдері интституттарының ерекшеліктерін,  атап айтқанда медиация, партисипативтік және татуластыру рәсімдерін зерделеді.

Сот төрағасы К.А.Картабаев, бүгінгі күнде жанжалды шешуге ғана емес, сонымен қатар оның тараптары арасындағы байланыстар мен іскерлік қарым-қатынастарды сақтауға мүмкіндік беретін дауларды шешудің баламалы әдістері белсенді қолданылатынын, соттар да, дауларды шешудің баламалы әдістерін қолданудан шет қалмайтынын, мәселен, 2023 жылы сотта медиация тәртібімен 30 іс аяқталған болса, 2024 жылы тек бірінші тоқсанда 27 іс қаралғанын, және бұл аталған шараларды дамытудың оң динамикасын көрсететінін айтып өтті.

Іс-шара барысында, барлық қатысушылардың ұстанымдары мен көзқарастары айтылды.

Абай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Б.И.Кунафин өз сөзінде, дәстүр бойынша дау туындаған кезде, адамдар қорғану үшін сотқа жүгінетінін атап өтті. Заңгер ғана емес, сонымен қатар кәсіби медиатор бола отырып, әрқашан өз клиенттеріне уақыт, қаражат және эмоционалдық күйзеліс тұрғысынан әлдеқайда қымбат тұратын сотқа бармай-ақ талап қоюға және өз талаптарын негіздеуге болатын келіссөздер жүргізуді ұсынады. Осы әдісті қолданып, биыл 8 іс бойынша дауды сотқа жеткізбей шешкен.

Іс-шара соңында сот төрағасы дөңгелек үстелге белсенді қатысқан барылық қатысушыларға алғысын білдірді.  

 

Бесқарағай  аудандық сотының баспасөз қызметі