Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

ЕСЕНЖОЛОВ НҰРОЛЛА ЕРҒАЛИҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №39 Жарлығымен Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Нұролла Есенжолов тағайындалды.

Н.Е.Есенжолов 1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Сот жүйесінде 2002 жылдан бастап Жоғарғы Соттың әдіскері, кеңесшісі, бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап Ақтау қаласы әкімшілік сотының судьясы. 2008 жылдан – Павлодар облысы Қашыр аудандық сотының төрағасы, Екібастұз мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, 2020 жылдан Павлодар облыстық сотының судьясы.