Архив событий

11/04/2024

Сот автокөлікті рәсімдеу кезінде алаяқтықтың жолын тоқтатты

11/04/2024

Абай облысының Семей қаласының № 2 сотымен ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі, 28-бөлігі 4-бөлігі, 367-бөлігі 2-бөлігі бойынша М.азаматына, сондай-ақ ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бөлігі 2-бөлігі бойынша Е. азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Құқық қорғау органдарымен өткен дөңгелек үстел

11/04/2024

Абай аудандық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды заң талаптарына сай толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел Абай аудандық полиция бөлімінің акт залында өткізілді.

Дөңгелек үстелге құқық қорғау органдарының өкілдері, атап айтқанда Абай аудандық сотының төрағасы М.К.Букбаев, Абай ауданының прокуратурасының аға прокуроры М.Н.Алимбетова  және аудандық полиция бөлімінің басшысы Е.Ж.Қаратаевпен жеке құрам қатыстырылды.

Татуласу келісімі бекітілді

11/04/2024

Ақсуат аудандық сотының татуластырушы-судьясымен татуластыру рәсімдерін өткізу барысында, тараптар  татуласу келісімін жасаған.  

Сотта, талап қоюшы  «М» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жауапкерлер «Б» және «А» несие шарты бойынша қарызды өндіруі туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісіміне келіп,  сот өндірісті қысқартуды сұраған

Тауласу келісімі бойынша жауапкерлер мерзімі өткен қарызды өтеп, төлем кестесіне сәйкес төлемдерді төлей береді, ал талап қоюшы  несие шарты бойынша айыппұлды есептен шығарды.

Мемлекеттік органдарда іс қағаздарды мемлекеттік тілде рәсімдеу

11/04/2024

Ақсуат аудандық сотының төрағасы Л.Муратканкызы  мемлекеттік органдарының  өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік органдарда іс қағаздарды мемлекеттік тілде рәсімдеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға Ақсуат ауданың прокуроры Д.Ақжасар, Абай облысы бойынша ҚАЖД Ақсуат аудандық Пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны А.Шәбен қатысты.

Конституциясының 7-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.