Архив событий

16/04/2024

Сот талапкердің заңды мүдделерін қорғады

16/04/2024

Абай облысының МАӘС шешімімен "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті" РММ-нің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға тергеу жүргізу туралы бұйрығын заңсыз деп тану және күшін жою туралы "К" АҚ-ның талабы ішінара қанағаттандырылды.

Тазалық- денсаулық кепілі!

16/04/2024

«Тазалық-табалдырықтан басталады», сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады.

Осы демалыс күндері Абай аудандық сотының қызметкерлері жоғары азаматтық жауапкершілік пен сенбілік өткізді. Сот ғимаратының айналасын тазалау және абаттандыруға арналған сенбілікке  аудандық соттың қызметкерлері тазалау жұмыстарын өткізді.

Сонымен қатар, сот қызметкерлері сот мекемесін тазалап жуып, кабинеттерінің ішін шаң-тозаңнан тазартты.