Тазалық- денсаулық кепілі!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Тазалық-табалдырықтан басталады», сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады.

Осы демалыс күндері Абай аудандық сотының қызметкерлері жоғары азаматтық жауапкершілік пен сенбілік өткізді. Сот ғимаратының айналасын тазалау және абаттандыруға арналған сенбілікке  аудандық соттың қызметкерлері тазалау жұмыстарын өткізді.

Сонымен қатар, сот қызметкерлері сот мекемесін тазалап жуып, кабинеттерінің ішін шаң-тозаңнан тазартты.

Сенбілікке қатысу қоғамға пайдалы іспен айналысу ғана емес, сонымен қатар сот қызметкерлерінің жақындасуына, ұжымдық рухты нығайтуға және азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді.

Өткізілген сенбілік , көктемгі жақсы көңіл-күймен және жоғарғы  деңгейде өткізілді.

 

Абай аудандық сотының баспасөз қызметі