• Последние новости

23.04.2024 - 10:07
Үржар аудандық сотының төрайымы Ш.О.Оспанова сот судьялары мен мамандарының  қатысуымен сот ісін жүргізу тілін ауыстыру тақырыбында семинар өткізді.
22.04.2024 - 12:54
Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында сот төрағасы Н.Муқашева сот отырысын өткізіп, оған Alikhan Bokeikhan...
19.04.2024 - 19:32
Абай облыстық соты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Досжан Сарманқұлұлы Әмірдің қатысуымен мемлекеттік тілде сот істерінің сапасын арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Іс-...
19.04.2024 - 17:14
Семей қаласының №2 соты «А.» азаматқа қатысты ҚК-нің 366-бабы 3-тармағының 3-бөлігі "Бірнеше рет жасалған пара алу" бойынша, «К.» ЖШС директоры қатысты ҚК-нің 367-бабы 3-бөлігі "Бірнеше рет жасалған...

Беттер

  • Мемлекеттік баж

МЕМЛЕКЕТТIК БАЖДЫҢ СОТТАРДАҒЫ 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СТАВКАЛАРЫ

1 АЕК /айлық есептік көрсеткіш/ -  3 692 теңге

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне сәйкес (Салық кодексі)

610-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      1. Сотқа берiлетiн әкімшілік талап қоюлардан, талап арыздардан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:

Толығырақ...
  • Жадынама

СОТҚА КЕЛУШІЛЕР ҮШІН ЖАДЫНАМА

Азаматтар сотқа келген кезде күзет орнындағы мамандандырылған күзет қызметінің қызметкеріне жеке куәлігін, содан кейін шақыру қағазын (хабарламаны) көрсетеді немесе келу мақсатын хабарлайды, сондай-ақ арнайы құрал мен бақылау жүргізу үшін жасалынған техникалық жабдықтың көмегімен тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда жеке заттарына тексеру жүргізіледі.

Келушілерді сот ғимаратына кіргізу жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30 аралығында жүргізіледі.

Түскі асқа үзіліс уақыты – 13.00-ден 14.30 аралығында сот ғимаратына кіргізу тоқтатылады.

Толығырақ...